Кітапхананы пайдалану ережесі

Әл-Фараби кітапханасын пайдалану ережесі «Әл-Фараби кітапханасы туралы ережеге» сәйкес және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ нормативтік құжаттарымен жасалған.

Кітапхана оқырмандарға абонемент пен оқу залдарындағы кітап, газет, журнал және басқа құжаттарды пайдалануға беруді ұйымдастырады.

 

1. Кітапханаға тіркелу және оқырман билеті

 

1.1 Оқырмандарды тіркеу студенттік билет немесе студенттің университетке қабылданғаны туралы бұйрығы негізінде, факультеттің сәйкес профилі бойынша абонементтерде жүргізіледі.

1.2 Оқырманға формуляр ашылады және кітапхананың барлық қызметтерін пайдалану құқығын беретін жалпыға бірдей оқырман билеті беріледі.

Кітапханада тіркелу үшін:

  • 3х4 см көлеміндегі фотосурет - 2 дана;
  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • оқырман билеті үшін төленген түбіртек қажет.

1.3 Төлемді университеттің кассасына немесе «Керемет» СҚО төлеуге болады. 2016 жылы бекітілген «Ақылы қызмет көрсету туралы» бұйрығына сәйкес оқырман билетінің құны – 400 теңгені құрайды.

1.4 Құжаттарды рәсімдегеннен кейін кітапханашы-менеджер оқырманды кітапхана қызметтерін пайдалану ережелерімен таныстырады,  кітапхана ережесімен танысқан оқырман, оқырман билетіне және формулярға қол қойып, сол арқылы өзінің кітапхана ережелерін сақтайтындығын растайды.

1.5 Сырттан келетін оқырмандар және заңды тұлғалар ақылы түрде және/немесе келісімшарт арқылы кітапхана қызметін пайдалана алады.

1.6 Оқырман билеті жыл сайын билетті қайта тіркеуден өткізу шартын орындағанда және оқырманның кітапханада қарызы болмаған жағдайда  барлық оқу мерзіміне жарамды.

1.7 Оқырман билетін қайта тіркеуден өткізу жыл сайын, оқырмандар әдебиетті пайдалану мерзімін ұзартқанда және өткізгенде, яғни жазғы сессиядан кейін жүзеге асады. Қайта тіркелуден өтпеген оқырмандарға келесі оқу жылында қызмет көрсетілмейді.

1.8 Университеттен шыққан жағдайда оқырмандар міндетті түрде кітапханадан алған басылымдарын қайтарады.

1.9 Кітаптарды, баспасөз туындылары мен материалдарды алар кезде оқырмандар басылымды мұқият тексеруге міндетті, қандай да бір ақау табылған жағдайда, кітапханашыға хабарлауы керек, бүлінген баспа материалына немесе кітап үшін соңғы пайдаланған оқырман жауапты болады.

1.10 Университет қызметкерлері, студенттер, магистранттар және доктаранттар үшін кітапхана қызметін пайдалану тегін жүзеге асырылады. Кітапханада көрсетілетін қосымша ақылы қызметтердің тізімін, сонымен қатар айыппұл санкцияларын университеттің қаржы ұйымы қарастырады және осыған жауапты проректор бекітеді.

2. Абонементті пайдалану ережесі

2.1 Абонементте әдебиеттер үйге беріледі.

2.2 Оқырмандар әдебиеттерге тапсырыс бергенде оқырман билетін көрсетеді, әдебиетті талап ету парағын толтырып, сол параққа немесе кітап формулярына қолын қояды.

2.3 Үйге пайдалануға берілген әдебиеттердің мерзімі шектеулі:

  • оқу әдебиеттері оқу жоспары мен бағдарламасына сәйкес бір семестрге немесе оқу жылына беріледі;
  • ғылыми әдебиеттер 1 айға дейін беріледі және 5 данадан артық болмауы керек;
  • көркем әдебиеттер 15 күнге беріледі және оның саны 3 данадан артық болмауы керек.
  • оқу бағдарламасына сәйкес көркем әдебиеттер бір семестрге беріледі.

2.4 Оқу жылының соңында оқырмандар 1 тамызға дейін кітапханаға барлық кітаптарды өткізуі қажет, уақытында қайтарылмаған жағдайда әрбір кітапқа айыппұл төленеді.

2.5 Егер басқа оқырмандардан сұраныс болмаған жағдайда, оқырмандар үйге пайдалануға алған басылымдарының мерзімін ұзарта алады.

2.6 Энциклопедияларды, анықтамаларды, диссертацияларды, сирек және бағалы кітаптарды тек оқу залында пайдалануға рұқсат етіледі.  Қорда сақталған, соңғы және жалғыз дана басылым үйге берілмейді.

2.7 Кітапты тапсырғанда оқырманға оның талабы қайтарылады немесе кітап формулярындағы фамилиясы мен оқырман билетінің нөмірі өшіріледі.

3. Оқу залын пайдалану ережесі

3.1 Оқу залында кітаптар оқырман билеті бар болған жағдайда беріледі.

3.2 Оқу залында берілетін кітаптар саны, басқа басылымдар мен материалдар шектеусіз. Бірақ көп тапсырыс берілгенде кітап саны шектелуі мүмкін.

3.3 Кітап қорынан оқу залына берілген әдебиеттер белгілі мерзімге беріледі, яғни 5 күннен артық емес.

3.4 Оқу залынан әдебиеттерді алып шығуға тыйым салынады. Егер осы ереже бұзылған жағдайда, оқырмандар кітапхана әкімшілігі белгілеген, айыппұлды төлейді.

3.5 Оқу залындағы кітаптар түнге  «Түнгі абонемент» бойынша кешкі 17.30-дан бастап келесі күнгі таңғы сағат 1000- ға дейін пайдалануға беріледі, уақытында қайтарылмаған кітапқа айыппұл салынады.

3.6 Жалғыз дана әдебиет түнгі абонементке берілмейді.

4. Магистранттар залы

4.1 Диссертациялармен және авторефераттармен жұмыс тек магистранттар залында жүргізіледі. Диссертацияның жеке үзінділерін, авторефераттарды, сонымен қатар әдебиеттер тізімін көшіру және/немесе сканерлеу автордың жазбаша рұқсаты арқылы ғана жасалады.

4.2 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары, ғылыми қызметкерлері, докторанттары, магистранттары және студенттері диссертациялар мен авторефераттарды тегін пайдалана алады. Диссертацияны оқу залында пайдалануарнайы ресми хатсыз жүзеге асады.

4.3 Сырттан келген оқырмандар (басқа мекемелер, ұйымдар және ЖОО) қорларды тек ақылы жолмен пайдалана алады. Оқу залында диссертация тек оқырман қызмет атқаратын немесе білім алып жатқан мекеменің арнайы сұраныс хаты арқылы ғана беріледі. Сұраныс хат мекеменің арнайы үлгідегі бланкісінде басылып оған мекеме басшысының қолы қойылуы тиіс. Хатта ғылыми жұмыстың мазмұны мен диссертацияны қолдану мақсаты көрсетілуі керек. Диссертациялық құжаттарды дұрыс пайдалану жауапкершілігі оқырманның өзіне және сұраныс хатқа қол қойған мекеме басшысына жүктеледі.

4.4 Диссертациялар қорын пайдалану құқығы бойынша сұраныс хаттың мерзімі бір жылға жарамды.

5. Электронды кітапхананы пайдалану ережесі

5.1 Электронды кітапхана –оқырмандардың ыңғайлы жұмыс аймағына бөлінген 270 орынды үлкен зал: мультимедиалық, Интернетпен жұмыс, графикалық бағдарламалар, электронды ресурстар, электронды каталогтар және деректер қорына (Thomson Reuters, Springer, Scopus, Elsevier Science Direct, Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапханасы (РЖОЭҚ (Казақстан), «ЗАҢ», Polpred деректер қоры).

5.2 Электронды кітапханада оқырмандар кітапханашы-менеджерге оқырман билетін немесе студенттік билетін көрсетеді және журналға жазылады.

5.3 Оқырмандарға рұқсат етілмейді:

  • компьютер алдында жұмыс жасағанда тағам және сусын әкелуге;
  • сырт киіммен отырып жұмыс жасауға;
  • компьютер жабдықтарын өздігінен қосуға және өшіруге;
  • телефонмен сөйлесуге.

5.4 Оқырмандар міндетті:

  • ақпараттық қауіпсіздік ережесін сақтау үшін ақпарат тасымалдағыштарды (флешка, дисклер) пайдаланғанда «вирусқа» тексеруге;
  • телефонды өшіруге немесе дыбыссыз режимге ауыстыруға;
  • электронды кітапханада тыныштық сақтауға;
  • электронды кітапхананың мүлкін (жабдық, техника, жиһаз және т.б.) бүлдірген жағдайда толық төлемін қалпына келтіруге;

5.5 Кітапхана әкімшілігі және электронды кітапхана залының қызметкерлері оқырмандардың қараусыз қалған жеке заттарына жауапты емес.

5.6 Жоғарыда көрсетілген ережелер сақталмаған жағдайда оқырманға электронды кітапханада қызмет көрсетілмейді.

6. Сирек және бағалы басылымдарды пайдалану ережесі

6.1 Сирек және бағалы басылымдарды тек оқу залдарында ғана пайдалануға болады.

6.2 Сирек және бағалы басылымдарды пайдалану барысында оқырман аса мұқият болуы қажет.

6.3 Сирек және бағалы басылымдар кітапхана аралық абонементтерге (КАА) берілмейді.

6.4 Оқырмандарға сирек және бағалы басылымдар жазбаша тапсырыс арқылы ғана ұсынылады, онда: келген күні, оқырман билетінің нөмірі, аты-жөні, инвентарлық нөмір және құжат шифры, құжаттың авторы мен атауы, басылымның шыққан жылыкөрсетіледі.

6.5 Бір тапсырыста 5-тен көп құжат берілмейді.

6.6 Егер құжат орнында болмаған жағдайда немесе сапасы қанағаттандырарлық болмаса оқырманға берілмеуі мүмкін.

7. Оқырман құқығы және міндеттері

7.1 Кітапхана оқырмандарының құқығы бар:

  • кітапханалық-ақпараттық қызметтердің ұсынылған негізгі түрлерімен тегін қолдануға;
  • кітапхана абонементтерінен уақытша пайдалануға кітаптарды және кез келген ақпарат көздерін алуға;
  • каталогтар мен картотекалар жүйесі арқылы кітапхана қорларының құрамы және кітапханалық ақпараттандыру формалары туралы толық ақпарат алуға;
  • ақпарат көзін таңдағанда немесе іздегенде кеңес алуға.

7.2 Оқырмандар міндетті:

  • кітапхананы пайдалану ережесін орындауға;
  • әдебиеттер алу үшін оқырман билетін көрсетіп, талаптарды толтыру және міндетті түрде әрбір алған басылымға кітап формулярына немесе әдебиетті талап ету парағына қол қоюға;
  • кітаптарға, басқа басылымдарға, кітапхана материалдары мен кітапхана заттарына ұқыпты болуға;
  • алған басылымдарды уақытында қайтаруға;
  • кітапханаға кіргенде қауіпсіздік қызметінің қызметкерлеріне оқырман билетін көрсетуге;
  • сырт киімді гардеробқа өткізуге, үлкен сөмкелер мен рюкзактарды сақтау камерасына қалдыруға;
  • телефонды өшіруге немесе дыбыссыз режимге ауыстыруға, қатты дауыстап сөйлемеуге;
  • оқырман кітапхананың кітабын жоғалтып немесе бүлдіріп алған жағдайда оның нарықтағы бағасын төлеуге немесе  дәл сондай кітапты қайтаруға;
  • абонементтегі және оқу залындағы кітаптармен қолдану мерзімін уақытында ұзартуға.

7.3 Түнгі абонемент бойынша кітап уақытында қайтарылмаса 2016 жылы бекітілген «Ақылы қызмет туралы» бұйрығына сәйкес 500 теңге айыппұл салынады және 100 теңге әрбір кешіктірілген күнге қоса есептелінеді. Айыппұл төлеу қызметтері университет кассасы  немесе «Керемет» СҚО арқылы жүзеге асырылады.

7.4 Оқу жылының соңында, 1 тамызға дейін, барлық кітаптарды өткізу қажет, өткізбеген жағдайда 1 кітапқа күніне 30 теңге көлемінде айыппұл салынады.

7.5. Кітапханаға шығын келтіретін немесе пайдалану ережесін бұзатын оқырмандар, кітапхананы пайдалану ережесі мен заңда қарастырылған, әкімшілік, азаматтық-құқықтық (материалдық) жауапқа тартылады.

8. Оқырмандарға рұқсат етілмейді

  • кітапханада тәртіп пен тыныштық бұзуға;
  • басқа адамға оқырман билетін  беруге және әдебиет алу үшін басқа оқырман билетін пайдалануға; 
  •  оқырман билетін бүлдіруге, сызуға, бүктеуге, парақтарын кесуге, жыртуға тыйым салынады, олай болмаған жағдайда оқырман билеті жарамсыз деп саналады;
  • алған әдебиет үшін қол қоймай, кітапханадан алып кетуге;
  • кітапхана құжаттарымен жұмыс жасау барысында белгі қоюға, сызуға, парақтарын бүктеуге, жыртуға, кесуге, RFID-белгілі құжаттардың этикетін бүлдіруге, суреттерді, карталарды, сызбаларды бояуға;
  • каталогтар мен картотекалардағы карточкаларды алуға;
  • қызметтік бөлімдерге, оқу залдарының қосалқы қорларына және кітап қорына рұқсатсыз кіруге;
  • оқу залдарына қайшы, өткір заттар, желім, оргтехникалық құрылғыларды, тираждалған құжаттарды рұқсатсыз алып кіруге;
  • әкімшіліктің рұқсатынсыз кітапхана ғимаратын және материалдарды фотоға, бейнеге түсіруге;
  • мәдениет ғимаратында қалыптан тыс әрекеттер мен дөрекі мінез көрсетуге;
  • кітапхананың оқу залдарынан әдебиеттерді алып шығуға және жеке заттарын қараусыз қалдыруға.                       

9. Кітапхананың міндеті және құқығы

9.1 Кітапхана міндетті:

  • «Әл-Фараби кітапханасының ережесіне» және пайдалану ережесіне сәйкес оқырмандарға қызмет көрсетуге;
  • ұсынылатын қызметтердің барлық түрлерімен оқырмандарды ақпараттандыруға;
  • оқырмандарға кітапхананың барлық қорларын пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
  • кітап қорын толықтыруға, қызмет көрсетуге және кітапқа деген қызығушылықты арттыруға;
  • компьютерлендіру мен алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуге, оқырмандарға кітапханалық және ақпараттық қызметті жетілдіруге;
  • кітапханада оқырмандарға жағдай жасауға;
  • ережеге сәйкес қордағы бар кітаптарды, басқа баспаларды және материалдарды пайдалануға, сақтауға және есептеуге;
  • мәдени ұлттық құндылығымыздың бір бөлігі болып саналатын, қорды сақтауға;
  • берілген әдебиеттердің кітапханаға қайтарылуын үнемі бақылап отыруға, уақытында қайтармаған оқырмандарға айыппұл төлетуге;
  • кітапханада сақталған құжаттарға оқырмандардың қолжетімділігіне шектеу қоймауға.

9.2 Кітапхананы пайдалану ережесін бұзған оқырмандарға айыппұл төлетуге кітапхананың құқығы бар.

Кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады:

  • оқу залында басқа адамның билетін пайдаланса және тыныштық бұзса – 1 ай;
  • кітап, журнал және басқа басылымдарды (бетін жырту) бүлдіргенде – 3 ай;
  • қызметтік міндеттерін орындау барысында кітапхана қызметкерлеріне тіл тигізсе - 6 ай.

9.3 «Әл-Фараби кітапханасы туралы ереженің» ішкі нормативтік құжатына сәйкес әл-Фараби кітапханасында әр айдың соңғы бейсенбісі санитарлық күн болып табылады. Бұл күні оқырмандарға қызмет көрсетілмейді.