Эпиграф

Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасында тұңғыш рет отандық баспа шығарған «Эпиграф» электрондық базасын ұсынамыз. Деректер базасында ұсынылған барлық оқулықтар мен оқу құралдарын Қазақстан Республикасының  ең үздік авторлары жазған және жетекші отандық «ЭВЕРО» баспасы шығарған. «Эпиграф» деректер базасы отандық тұтынушы – Қазақстанның жоғары оқу орындарының қажеттіліктерін басшылыққа ала отырып, өз мүмкіндіктерін дамытып, кеңейтіп келеді.

Баспа үйі Қазақстан нарығында 21 жыл жұмыс істеп келеді. Оның жұмысын мамандар жоғары бағалайды және «Еуропалық сапа», «Королева Викторияның ордені», «Қазақстанның құрметті азаматы», сондай-ақ 2014, 2015, 2016 жж. «Сала көшбасшысы» марапаттарымен расталып отыр.

Өнім цифрлық оқу материалын қол жетімді ету үшін жасалған. Барлық қажетті оқу материалдары әрдайым қолында екенін елестетіп көріңіз. Оқулықтың қажетті фрагментін бір минутта табуға болады, ал студенттерге 24 сағат бойы, әлемнің кез келген жерінде электрондық оқулық арқылы білім алуға мүмкіндік беріледі.

«Эпиграфтың» бәсекелестерден айырмашылығы толық мәтінді іздеуді қамтамасыз етуінде. Сөз, сөз тіркесі немесе тіпті сөйлем бойынша іздеу шарттарын көрсетуге болады. Іздестіру жүйесі секундтың бір бөлігінде бірнеше жүз мың беттен тұратын мәтінді талдап, дайын нәтижені бере алады. Бұл ҚР-дағы өзінше бірегей және жалғыз әзірлеме деуге болады. Іздеу жүйесін жалпы база бойынша да, нақты бір оқулық ішінде де іске қосуға болады.

Дерекқордағы әдебиеттің 100% -ы - журналдар, мақалалар немесе әдістемелік құралдар емес, оқулықтар мен оқу құралдары екенін атап өту маңызды. Оқулықтар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.

Барлық оқулықтар – қазақстандық өнім, олар ҚР мемлекеттік бағдарламалары мен стандарттарына толығымен сәйкес әзірлеген, мемлекеттік мекемелердің аккредитациясынан өткен. Оқулықтар жоғары сапалы суреттермен безендірілген, үздік дизайнерлердің, редакторлардың өңдеуінен өткен.

«Эпиграф» электрондық оқулықтарының сайтына сілтеме http://res.epigraph.kz/search/

Тіркелуге арналған нұсқаулықты осы жерден жүктеп алуға болады.
 
Нұсқаулық

Буклет