Кітапханаларға және оқытушыларға арналған «Лань» электрондық-кітапханалық жүйесіндегі (ЭКЖ) жаңа технологиялық шешімдер

Құрметті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушылары мен қызметкерлері!

Әл-Фараби кітапханасы 2017 жылдың 17 қазан күні сағат 15:00-де «Кітапханаларға және оқытушыларға арналған «Лань» электрондық-кітапханалық жүйесіндегі (ЭКЖ) жаңа технологиялық шешімдер» атты «Лань» ЭКЖ-нің семинары өтетіні туралы хабарлайды.

Семинардың мақсаты: пайдаланушыларды «Лань» ЭКЖ-нің жаңа технологияларымен, олардың кітапхана жұмысында, ЖОО оқытушыларының жұмысында пайдалануға болатын мүмкіндіктерімен таныстыру.

Семинар жүргізушісі: Шнурова Светлана Геннадьевна «ЛАНЬ» баспасының орындаушы директорының орынбасары.

Семинардың барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі.

Өтетін орны: кітапхана, 3-қабат, 308-бөлме.

Анықтама бойынша телефон: + 7 727 393 40 66.