«Эпиграф» баспасының оқулықтары мен оқу құралдарының сандық қорлары тестілік режімде қолжетімді

Құрметті оқырмандар, әл-Фараби кітапханасы 2017 жылдың 11 қазанынан бастап 11 қарашасына дейін «Эпиграф» баспасының оқулықтары мен оқу құралдарының сандық қорлары тестілік режімде қолжетімді болатыны туралы хабарлайды.
 
Электронды кітапханада Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына арналған 3000-нан астам оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың атауы жинақталған. Ұсынылған басылымдардың көбісі бестселлер болып табылады. Оқулықтардың жиынтығы түрлі түсті суреттермен бірге есептегенде 700 мың беттен тұрады және жыл сайын 500-ден 800-ге дейін жаңартылып отырады. Бұл оқулықтар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.
 
Қосымша ақпарат алу үшін 3 қабатта орналасқан электронды кітапханаға хабарласыңыз.

«Эпиграф» баспасының оқулықтары мен оқу құралдарының сандық қорлары http://res.epigraph.kz/ сілтемесі арқылы қолжетімді.
 
Тіркелуден өткеннен кейін Қазұу аумағында қашықтан пайдалану мүмкінідігі беріледі.
 
Нұсқаулық
Буклет