Әл-Фараби Кітапханасына қош келдің, студент!

Жаңа оқу жылы қарсаңында әл-Фараби атындағы Кітапханада бірінші курс студенттеріне арналған кітапханалық-библиографиялық сабақтар мен таныстыру экскурсиялары жүргізіледі. Сабақтар факультет өтінімдері бойынша өткізіледі.

Сабақтың басталуы 25 тамыз 2017 жылы сағат 9.00-дан 17.00-ге дейн.

Кітапхана қызметкерлері студенттерге кітапханаға қалай жазылуға болады, оқырман билетін қалай алу керек, қажетті кітапты қалай алуға болады, электрондық деректер қорларымен қалай жұмыс істеу керек, қандай кітапханалық жобаларға қатысуға болады және тағы басқа да сұрақтарға жауап беріп, кітапхананың Пайдалану ережелерімен таныстырады.
 
Анықтама телефондары: +7 (727) 393-40-66, 300-77-98, 300-76-49, 385-75-19