Әл-Фараби атындағы кітапханада өткізілген «ИФЛА-ның жаһандық көзқарасы» атты дөңгелек үстел

2017 жылдың 15 тамызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында «ИФЛА-ның жаһандық көзқарасы» атты халықаралық пікірталас аясында дөңгелек үстел өтті. ИФЛА –Кітапханалық қауымдастықтар мен мекемелердің халықаралық федерациясы.  Дөңгелек үстел барысында жоғары оқу орындары кітапханаларының жетекшілері ЖОО кітапханаларының өзекті мәселелері бойынша және кітапханашылардың қазіргі замандағы рөлі туралы өз пікірлерін білдірді.

Кездесу қорытындысы ретінде халықаралық пікірталаста талқыланып жатқан сұрақтарға бірыңғай ұжымдық жауап әзірленді. Бұл халықаралық кітапханалық қауымдастығы дайындайтын кітапханалардың болашағы туралы жаһандық көзқарасын қалыптастыруға қазақстандық кітапханашылардың қосқан үлесі болып табылады.