«Медициналық мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайлар»

«Азаматтық бақылау» Қоғамдық қабылдау жобасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Керемет» Жастар ресурстық орталығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Медициналық мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайлар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Шараның мақсаты: денсаулық сақтау жүйесіне тән сыбайлас жемқорлықтың түрлерін кеңінен талқылау, сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық, дәрі-дәрмек құралдарын алу жүйесінде жемқорлық және оны болдырмау жолдары.
Шараға Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы, сондай-ақ қалалық стационар мекемелерінің басшылары, арнайы диспансерлер мен орталықтардың, қалалық перзентханалардың  және алғашқы медициналық – санитарлық жәрдем көрсету ұйымдарының басшылары қатысады.

Өткізу уақыты және орны: 17 тамыз 2017 ж. Сағат 11.00-де, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, кітапхана, 4-қабат

Байланыс телефондары: 8 (727) 377-33-35 ішкі 12-55; 87018018688, 87055210260 (whats app) е-mail: obshestvo.priem@gmail.com

 
Ақпарат көзі: http://kaznu.kz