Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың нормаларын түсіндіру бойынша семинар

17–18 тамызда мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың нормаларын түсіндіру және сатып алудың жаңа тәсілдемелерін талқылау бойынша семинар өтеді.

Семинар ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаевтың төрағалық етуімен өткізіледі. Оған ҚР ҚМ өкілдері, жергілікті атқару органдарының, ҚР «Атамекен» ҰКП, қоғамдық ұйымдар мен бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі. Сондай-ақ Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары да бірқатар өзгерістерге ұшырады.

Семинар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасының ғимаратында (Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 71/27) өтеді, семинардың басталуы сағат 9:00-да.

Дереккөз: https://gz.mcfr.kz/news/975-sostoitsya-seminar-po-razyasneniyu-norm-zako...