ТМД елдері арасында жас архивистердің жазғы мектебі өтті

2017 жылдың 26–30 маусымында Алматы қаласында ТМД елдері арасында жас архивистердің жазғы мектебі өтті. Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Президентінің архиві, Ресей мемлекеттік гуманитарлық универститеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ, Алматы қаласының мемлекеттік архиві. 

Жазғы мектепке Беларус, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан Республикасының обылыстарынан және Алматы қаласынан архивистер қатысты. 

«Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ атынан Тилеужан Е.Ш., Турсыналиева А.А., Еркенова А.К. қатысты. 

Жазғы мектептің салтанатты ашылуы Қазақстан Республикасының Президенті архивінде өтті. Қазақстан Республикасының Президент әкімшілігі жалпы бөлімінің меңгерушісі Жақыпов М.Х. және Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің архив ісі және құжаттау департаменті мемлекеттік және ақпараттық қызмет басқармасының басшысы Меделбеков Ч.К. сонымен қатар Ресей мемлекеттік гуманитарлық универститетінің ректоры Ивахненко Е.Н., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Мутанова Ғ.М. алғы сөздерімен бөлісті. 

Қазақстан Республикасының Президенті архивінің директоры Жаппаров Б.А. «Практика, инновации и перспективы развития Архива Президента Республики Казахстан в XXI веке» атты баяндама жасады. РМГУ Гуманитарлық архивінің директоры т.ғ.к. Тараторкин Ф.Г. және профессор, РМГУ кафедра меңгерушісі т.ғ.д. Ларин М.В. лекция оқыды. Соңында ҚР Президентінің архивінде экскурсия өткізілді. 

Келесі күндерде семинарлар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында өтті. Сонымен қатар «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ және Алматы қаласының мемлекеттік архивтерімен танысты. 
«Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ қорлардың сақтаушысы Заруцкая Г.Н. және тарих ғылымдарының докторы Грибанова Е.М. лекция оқыды. Тыңдаушылар архивтің құжаттық көрмесімен және ҰАҚ құжаттарының сақталу қоймаларын тамашалады. 

30 маусымда ҚР Президентінің архивінде жазғы мектепке қатысушыларға сертификат табысталды.

Ақпарат көзі:  http://kaznu.kz, http://ntd.kz