«Кітап оқу лидері» сайысының жалпы ережелері

1. Жалпы ережелер

  1. «ҚазҰУ-дың студенті оқуға тиіс 100 кітап» атты жалпы университеттік бағдарламаның аясында «Кітап оқу лидері»  атты сайыс өткізіледі.

2. Сайыстың мақсаты мен міндеттері

  1. Университет студенттерін кітап оқуға баулу және «ҚазҰУ-дың студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасын насихаттау;
  2. Кітапхананың, кітаптың кітап оқудың дәрежесін арттыру;
  3. Кітап оқу дәстүрін сақтау және дамыту;
  4. Үздік оқырмандарды анықтау және марапаттау, яғни «Кітап оқу лидерін» анықтау;
  5. Университет студенттерінің шығармашылық қабілеттерін көрсету және дамыту;
  6. Студенттер арасында «кітапсүйгіш» студенттердің тартымды келбетін қалыптастыру;
  7. «Кітап оқу лидері»  атты сайысты жыл сайын өткізу.

3. Сайыстың құрылтайшылары мен ұйымдастырушылары

  1. Конкурстың ұйымдастырушылары – Әл-Фараби кітапханасы және ҚазҰУ-дың тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті.
  2. Конкурстың мақсаты мен міндеттерін қолдайтын, ұйымдастырылуы мен өткізілуіне қаржылық немесе іскерлік қолдау көрсетеміз деген кез-келген ұйым мен жеке тұлғалар Конкурстың спонсоры  бола алады.
  3. Конкурстың өткізілу тәртібін, құжаттарын рәсімдеу, конкурстың барлық кезеңдерінің мерзімдерін анықтау, олардың мазмұны мен талаптарынанықтайтын және конкурстың қорытынды салтанатты шарасын өткізу мерзімі мен орнын анықтайтын ұыймдастыру комитеті құрылады.
  4. Конкурс ұйымдастырушылары;
  • Барлық қатысушыларға тең жағдай жасау;
  • Конкурстың ашық және әділетті өткізілуін қамтамасыз ету;
  • Конкурстың аралық және қорытынды мәліметтерін ресми жарияланғанға дейін  құпия сақталуын бақылау.

4. Конкурс мерзімі мен талаптары

Конкурс 2015 жылдың 1-ші қыркүйегі мен 2016 жылдың 20 ақпаны аралығында 5 кезең бойынша өткізіледі.

  • І кезең. Сауалнама және жазбаша тестілеу

1 қыркүйек пен 20 желтоқсан аралығы

Барлық конкурсқа қатысуға ниетті студенттер кітапханаға келіп сауалнама парағын толтырады және конкурсқа қатысу үшін жазбаша тестілеуден өтеді.

Қатысушылар «ҚазҰУ-дың студенті оқуға тиіс 100 кітап» атты жалпы университеттік жобасының тізіміндегі кітпатарды оқуы тиіс және Қатысушы сауалнамасын толтырады. Бұл кітпатарды катысушылар Фл-Фараби кітапханасының қорларынан ала алады.

  • ІІ Зияткерлік кезеңі

Екінші кезеңде студенттер өз білімдерін іс жүзінде көрсетеді. Шығармалар бойынша қойылатын сұрақтарға жауап береді және шығармашылық қабіліеттерін қөрсетеді (өз сүйікті шығармасынан үзіндісін жатқа оқиды) және т.б.

  • ІІІ шығармашылық шеберлік кезеңі

Үшінші турға өткен студенттер өздерінің жазу қабілеттерін – сүйікті шығармасы, шығарманың көтерген мәселесі туралы немесе кітапқа деген қызығушылығын эссе жазу арқылы көрсетеді.

  • IV кезең. Қорытындыларын шығару.

Конкурстың қорытындысын шығару үшін университет оқытушылары, кітапхана және университет қызметкерлері арасынан жалпы университеттіксараптамалық комиссия құрылады.

Конкурсқа өткізілген ақпараттар мен құжаттарға сын-пікір жасалынбайды және қайтарылмайды. Жұмысқа аты-жөні, факультеттің немесе құрылымдық бөлімнің аты, туылған күні, байлыныс телефондары мен е-mail көрсетілген өтініш тіркеледі.

  •  V кезең. Қатысушыларды марапаттау

Барлық іріктеу кезеңдерінің қорытындылары бойынша әртүрлі номинацияларда «Кітап оқушылардың көшбасшысы» анықталады және құрмет грамоталарымен және демеушілердің сыйлықтарымен марапатталады. Конкурстың марапаттау салтанаты кіңтапхананың акт залында өткізіледі.

Анықтама үшін телефондар:  + 7 727 393 1913, +7 727 3936253.