Ұлы Жібек жолы Халықаралық конференциясы

2017 жылы 20 шілдеде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында әлем тарихындағы мәдени және географиялық аралықты зерттеу саласындағы интернационалдық сарапшылар тобын біріктірген Ұлы Жібек жолына арналған халықаралық конференция өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ерте темір дәуірін зерттеу бойынша Корей қауымдастығы; Корей географиялық қоғамы, Еуразиялық темір жолдары Зерттеу орталығы, Солтүстік Кенсанг провинциясы.

Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры ҚР ҰҒА академигі М. М. Бүркітбаев, география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы, профессор В. Г. Сальников, Оңтүстік Корейдің Жібек жолы университеттер Лигасының Бас хатшысы Хван Сондон, Корей Жібек жолы қауымдастығының президенті, профессор Герман Ким құттықтау сөздерімен конференцияны ашып, мұндай конференциялардың маңыздылығын атап өтті. 

Конференция екі секциядан тұрады: бірінші секция барысында Оңтүстік Корея ғалымдары Еуразиядағы ерте темір дәуірінің Жібек жолындағы мәдени алмасу саласында өз зерттеулеріне презентация жасап, және Жібек жолы картасының түрлі елдердегі сәйкессіздігіне байланысты стандарттау көрінісін ұсынды.

Өз кезегінде Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Вьетнам ғалымдары өз презентацияларында ынтымақтастық аясында көптеген аспектілердің ғылыми зерттеулер мен инновациялық тәсілдерін үйренуді кеңейту қажеттілігі туралы атап өтті.

«Еуразия Жібек жолын пәнаралық зерттеу» атты екінші секция екі тақырып бойынша пікірталас арқылы жүргізілді: «Еуразиядағы ерте темір дәуірінің Жібек жолындағы Мәдени алмасу» және «Жібек Жолын картаға түсіру бойынша Жаһандық бастамалар». Бұл секцияда Еуразиялық темір жол және олардың демеушілері бойынша зерттеулер жүргізу экспедициясының команда құрамы, сондай-ақ Жібек жолы картасын стандарттаудың жоспар-кестесі талқыланды.

Конференция аясында ағымдағы жылдың қыркүйек айында Кореяда семинар ұйымдастыру жөнінде шешім қабылданды, бұл жерге барлық университеттер өкілдері мен Жібек жолымен айналысатын ғалымдарды жинап, ірі жобаларды жүзеге асыру арқылы Еуро-азиялық кеңістікте бірлесіп карта жасау жұмыстарын жалғастыруға шақыру болып табылады.  

Конференцияға қатысушылар Қазақ ұлттық университетіне конференцияны ұйымдастыруда қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.

Ақпарат көзі: http://kaznu.kz