Жобалар мен іс-шаралар

«Кітап оқу лидері» байқауы

«Кітап оқу лидері» байқауы жалпы университеттік «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» аясында өткізіледі. Байқау мақсаты: аталған жобаны университет студенттері арасында насихаттау, кітап пен кітап оқудың имиджін арттыру, қазіргі жастар бойында кітап оқуға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, оқырман талғамы мен қызығушылығын қалыптастыру және дамытуға ықпал ету, үздік оқырманды анықтап, ынталандыру.

«Кітап оқу лидері» байқауының жалпы ережелері

1. Жалпы ережелер

1. «ҚазҰУ-дың студенті оқуға тиіс 100 кітап» атты жалпы университеттік бағдарламаның аясында «Кітап оқу лидері» атты байқауы өткізіледі.

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

1. «ҚазҰУ-дың студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасын насихаттау мен тарату; 2.Кітапхананың, кітаптың кітап оқудың дәрежесін арттыру;

3.Кітап оқу дәстүрін сақтау және дамыту;

4.Үздік оқырмандарды анықтау және марапаттау.

5.Университет студенттерінің шығармашылық қабілеттерін көрсету және дамыту;

3. Байқаудың құрылтайшылары мен ұйымдастырушылары

1.Байқаудың ұйымдастырушылары – Әл-Фараби атындағы кітапхана.
2.Байқаудың мақсаты мен міндеттерін қолдайтын, ұйымдастырылуы мен өткізілуіне қаржылық немесе іскерлік қолдау көрсетеміз деген кез-келген ұйым мен жеке тұлғалар Байқауың демеушісі  бола алады.
3.Байқаудың өткізілу тәртібін, құжаттарын рәсімдеу, байқаудың барлық кезеңдерінің мерзімдерін анықтау, олардың мазмұны мен талаптарын анықтайтын және сайыстың қорытынды салтанатты шарасын өткізу мерзімі мен орнын анықтайтын ұйымдастыру комитеті құрылады.
4.Байқау ұйымдастырушылары;

  • Барлық қатысушыларға тең жағдай жасау;
  •  Байқаудың ашық және әділетті өткізілуін қамтамасыз ету;
  • Байқаудың аралық және қорытынды мәліметтерін ресми жарияланғанға дейін  құпия сақталуын бақылау.

4. Мерзімі мен талаптары

Байқау 2018 жылдың 1-ші қыркүйегі мен 2019 жылдың 15 сәуір аралығында 4 кезең бойынша өткізіледі.

  • І кезең. Сауалнама

Байқауға қатысуға ниет білдірушілер кітапханаға келіп сауалнама парағын (сауалнама парағына өту) толтырады және сайысқа қатысу үшін жазбаша тестілеуден өтеді.

Қатысушылар «ҚазҰУ-дың студенті оқуға тиіс 100 кітап» тізіміне енген шығармаларды міндетті түрде оқуы керек. Бұл кітаптарды қатысушылар әл-Фараби атындағы кітапханасының қорларынан ала алады.​

​​​

  • ІІ Зияткерлік кезеңі (1 ақпан-1 сәуір аралығы)

Екінші кезеңде қатысушылардан «100 кітап» тізіміндегі шығармалар бойынша тест алынады

ІІІ Шығармашылық шеберлік кезеңі (8-15 сәуір аралығы)

Үшінші турға өткен студенттер өздерінің жазушылық қабілеттерін – сүйікті шығармасы, шығарманың көтерген мәселесі туралы немесе кітапқа деген қызығушылығын эссе жазу арқылы, немесе өзінің сүйікті шығармасынан үзіндіні жатқа оқиды.

IV кезең. Байқаудың қорытындысы және марапаттау (17-20 сәуір аралығы)

Байқаудың қорытындысын шығару үшін университет оқытушылары, кітапхана және университет қызметкерлері арасынан сараптамалық комиссия құрылады.

Барлық іріктеу кезеңдерінің қорытындылары бойынша әртүрлі номинацияларда «Кітап оқу лидері» анықталып және құрмет грамоталарымен және демеушілердің сыйлықтарымен марапатталады.

Анықтама үшін телефондар+ 7 (727) 377 33 33 ішкі (1712), +7 7073121701​


ҚазҰУ-дың студенті оқуға тиіс 100 кітап


Әдеби оқулар. Іс-шараның басты міндеті – өз сезімін өлең-жыр, көркем сөзде білдіре білуді, бейтаныс қоғамда өзін-өзі сенімді ұстауды, шешендік қабілеттерін, көпшілдігін, командада жұмыс істей білуін, жетекші қасиеттері, қалыптан тыс ойлау қабілеттерін, жауапкершілікті, мұқияттылықты дамыту арқылы студент тұлғасын дамыту. Әдеби оқулар аясында тақырыптық жыр кештері өткізіледі, студенттер жоғары оқу орындары арасында өтетін әдеби кештерге, университетімізде өтетін шығармашылық іс-шараларға қатысады, жазушылармен кездесулер ұйымдастырылады.​


Оқырман конференцияларыІс-шара мақсаты – студенттер арасында кітапты қадірлеуді, кітап оқуды насихаттау, жастардың көпшілік алдында сөйлеп машықтанып, өзін-өзі дамытуына ықпал ету. Іс-шараларды кітапхана жыл бойы кітапхана жанындағы жастар кеңесімен және   «Көкжиек» студенттік клубымен бірлесе өткізеді.​