Сирек кездесетін кітаптар

Сирек кездесетін әдебиеттер қоры ғылыми жұмыстармен айналысатын  ғалымдар үшін таптырмас қазына қоры.  Әл-Фараби кітапханасы 13206  дана қайталанбас басылымдарды сақтап отыр.

Кириллица таңбасындағы әдебиеттерге сұрынас пен қызығушылық көп. Анықтамалық басылымдарға да кітапхана аса бай. Сөздіктер мен энциклопедиялар – 948 дана. Бұл Ф.А.Брокгауз және И.А.Эфрон баспагерлерінің «Энциклопедиялық сөздігі», «Грант энциклопедиялық сөздігі», шет тілдеріндегі сөздіктер мен энциклопедиялар, соның ішінде Британ энциклопедиясы (1875-1902 және 1991 жылдар).

Азаматтық басылымдардың кітаптары сирек кездесетін әдебиеттер қорының көп бөлігін алады. Мәселен тарихи басылымдарға, әлемдік этнографиялық және географиялық классикалық шығармалар жатады – 531 дана кітап.

Көркем шығармалар мен шетел әдебиеттерінің жалпы саны – 1280 дана кітап.

«Казахстаника» қорына, Республикамыздың тарихына қатысты 1917 жылға дейін басылып шыққан мол мұра топтастырылды. Қазіргі уақытта тарих бойынша – 2058 дана кітаптар тарих ғылымы, тарихнама, тарихтану, КСРО тарихы, Ежелгі заман тарихы, Еуропа мен Америка тарихы салалары бойынша сақтаулы.

Сирек кездесетін әдебиеттер қорында мазмұны мен безендірілуі бойынша ерекше діни кітаптар сақтаулы. Олар Құран мен Библия. Құран  араб тілінде, ХІХ ғасырдың басылымы.

Шетел тіліндегі кітаптар топтамасы: ағылшын, неміс, француз, араб, поляк, корей тілдерінде білімнің әртүрлі салалары бойынша. Қазіргі таңда шет тіліндегі әдебиеттердің саны – 2041 дана кітап. Шет тіліндегі кітаптардың арасында 1871 жылы Лондон қаласында басылып шыққан Джордж Генри Левистің екі томдық «Философия тарихы» атты бағалы еңбегі де бар.

Сирек кездесетін әдебиеттер мен қолжазбалар қорын арнайы сақтайтын орын бөлінген.


Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалары әдебиеттерінің тізімі