РФ ББЖ-ЖОО инновациялық платформасы

Әл-Фараби атындағы кітапхана 2017 жылғы 24 сәуір – 7 маусым аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бітірушінің біліктілік жұмыстарын орналастыруға арналған ББЖ-ЖОО http://www.vkr-vuz.ru. тәуелсіз платформасына қосылатыны туралы хабарлайды. 

РФ ББЖ-ЖОО инновациялық платформасы – мамандар мен бакалаврлардың бітіруші біліктілік жұмыстарын (ББЖ), магистранттардың диссертациялық жұмыстарын, ұйымның кез келген басқа материалдарын орналастыруға, сондай-ақ басқа жұмыстан алынған мәтін көлемін (плагиат) тексеруге арналған «Ай Пи Эр Медиа» компаниясының мамандандырылған сервисі. 

Платформа жазылушыларға көптеген жаңа мүмкіндіктер береді, жүйеде студент пен оқытушыға жеке кабинет, оқу орнының электронды ақпараттық-білім беру ортасына біріктірілген «Электрондық портфолио» модулін ашуға болады.

Жүйенің ерекшелігі:

• Жекелеп күйге келтіру, жұмысты қауіпсіз орналастырып, сақтау мүмкіндігі 
• Басқа жұмыстан алынған мәтін мен орынсыз дәйексөз келтіруді бір мезетте тексеру
• Мәтіндерді талдау мен есептерді қалыптастырудың бірегей әдістемелері 
• «Электрондық портфолио» құралы 

Бүгінгі таңда РФ ББЖ-ЖОО – нарықтағы осындай қызметтер түрлерін ұсынатын жалғыз жүйе.  

Жүйеге кіру үшін сізге логин kaznu.kz_reg және пароль – AmTsQ33r (оқытушылар мен студенттер үшін) қажет. 

Платформамен жұмыс жасау бойынша вебинар: https://www.youtube.com/watch?v=xriHR_eQLl0

Білім алушылар мен оқытушыларға арналған нұсқаулық

Қосымша ақпарат: 393 40 66

Ресурсқа сілтеме http://www.vkr-vuz.ru