Әл-Фараби және замансөз: дәстүрлер диалогы 

2017 жылдың 11 сәуірінде  журналистика факультеті, профессор Т. Қожакеев атындағы мәжіліс залында «Фараби  әлемі»  оқулары және V Қожакеев оқулары аясында «Әл-Фараби және замансөз: дәстүрлер диалогы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы және ең үздік студенттік тележобалар мен ғылыми-зерттеу жұмыстар бойынша студенттер мен жас ғалымдарға арналған «Жас тілшілер»  атты байқау өтті. 
Байқау бойынша номинациялар:

  • Ең үздік ғылыми жоба
  • Ең үздік ғылыми публицистика
  • Ең үздік сатиралық туынды
  • Т. Қожакеев өмірі мен шығармашылығына арналған ең үздік мультимедиалық жоба.

Т. Қожакеев өмірі мен шығармашылығына араналған  бейне фильм көрсетіліп,  кітапхана қызметкерлері көрме ұйымдастырды.