Дерекқорлар

Scopus – рецензияланған әдебиеттің ең ірі реферативтік және анықтамалық деректер қоры: ғылыми журналдар, кітаптар және конференциялардың материалдары. scopus.com

Неге Scopus дерекқорымен жұмыс істеу керек?

  • Бүкіл әлемнен 5000-нан астам ғылыми басылым
  • 22 мыңнан астам мерзімді басылым
  • 70 миллионнан астам ғылыми мақала
  • Scopus ғылыми мақалалар мен дәйексөздердің дерекқорлары арасында №1
  • Сіздің ғылыми жұмысыңызды жақсартуға көмектесетін ғылыми материалдар мен зерттеулер нәтижелерінің талдау қоры
  • Халықаралық ғылыми әлемде сыртқы сарапшылар мен әлеуетті қосымша авторларды табуға көмектесетін дерекқор
  • Қаржыландыру жөнінде өтініш беруге немесе ұйымыңыздың зерттеу сұраныстарына қолдау көрсетуге болады

Scopus-та қалай тіркелуге болады?

Жаңа пайдаланушы ретінде тіркелу үшін Register  (Тіркеу) түймешігін басыңыз. Тіркеу терезесіне қажетті ақпаратты – аты-жөніңіз бен электрондық поштаңыздың мекен-жайын енгізіңіз.

Қолданушы ретінде тіркелгеннен кейін электрондық поштадан хабарламалар сияқты дербес функцияларды орнатуға болады.

Сол қолданушы аты мен құпия сөзді пайдалану арқылы ScienceDirect және Engineering Village-ға да кіре аласыз. Қайтадан авторизация жасау талап етілмейді.

Егер сізде қолданушы аты мен құпия сөз болса, Login-ді (Кіру) басып, оларды енгізудің тиісті жолдарына енгізіңіз. Осы ақпаратты компьютеріңізде сақтап, кірген сайын қайта енгізбеуіңіз үшін Remember me (Мені есте сақтау) белгісін қойыңыз.

Тіркелген қолданушының жеке кабинеті (My Scopus):

Тіркелген қолданушыларға арналған функциялар:

  • Сізді қызықтыратын тақырыптар бойынша жаңалықтардан хабардар болып отыру үшін электронды пошта хабарландыруларын орната аласыз.
  • Сіздің іздеген сұраныс нәтижелеріне сәйкес келетін жаңа құжаттардың пайда болуы туралы хабарландырулар
  • Автордан дәйексөз келтіру туралы хабарлама
  • Құжаттан дәйексөз келтіру туралы хабарлама
  • Менің тізімімді тексеру (Check My list)
  • Сіз мақалаларды уақытша немесе сақталған тізімде тексере аласыз.
  • Жеке баптауларды/құпия сөзді өзгерту
  • Баптаулар (Settings) мәзірінен электрондық пошта мекен-жайын, құпия сөзді, RefWorks логин/паролін, т.б. өзгертуге болады.
  • Тіркелген пайдаланушылар Scopus-тағы сыртқы көріністі және іздеу баптауларын дербестендіре алады.

Әл-Фараби кітапханасы Elsevier баспасының электрондық кітаптарын ұсынады.

Кітаптардың толық тізімін жүктеу

Берілген топтама келесі бағыттар бойынша кітаптарды қамтиды: микробиология және вирусология, өндірістік биотехнология, биофизика: адам және жануарлар физиологиясы, нейробиология, экологиялық физиология, иммунология, молекулалық иммунология, иммунофизиология, биотехнология негіздері, геномика және протеомика.

Барлық кітаптарды PDF пішінінде жүктеу мүмкін.

Электрондық кітаптарды іздеу бойынша нұсқаулық

Springerlink – биология, экология, медицина, физика, техникалық ғылымдар, математика, информатика, гуманитарлық ғылымдар, экономика бағыттары бойынша ғылыми, техникалық және медициналық мазмұнымен ерекшеленетін (журналдар, кітаптар мен анықтамалық материалдар) әлемдік интерактивті толықмәтінді деректер қоры.

SpringerLink – білімге аса құштар,  қызметінің табысты болуының бірден бір шарттары білім болып табылатын зерттеушілерге, ғалымдарға, оқытушылар мен студенттерге, бизнес-құрылымдар мен ғылыми ұйымдарға арналған бағалы ақпараттық ресурс. 

Нұсқаулық

Ресурсқа сілтеме www.springerlink.com


Әл-Фараби кітапханасы сіздерге ірі IPRbooks Электронды-кітапханалық жүйесі қолжетімді болғанын хабарлайды! Университетіміздің әрбір оқытушысы мен студенті оқу мекемелерінің білім беру қызметінде қолдануға ұсынылған, еліміздегі ең алғашқы сертификатталған электронды-кітапханалық жүйе болып табылатын, IPRbooks ЭКЖ – электронды басылымдарының Ресей лицензиялық толықмәтінді қорымен тегін жұмыс жасауға мүмкіндігі бар.

IPRbooks ЭКЖ – семинарларға, сынақтарға және емтихандарға, жобалар мен қажетті жұмыстарды орындауға, оқудың әртүрлі бағыттарына арналған, жаңа ақпараттық технологиялар мен лицензиялық оқыту әдебиеттерін біріктіретін, оқуға және ғылыми зерттеулерге арналған сенімді және пайдалы ресурсы. IPRbooks ЭКЖ оқытушыларға оқу жоспарын құруда, сабаққа дайындалуында, әріптестерінің жаңа жарияланымдары туралы ақпараттар алуында пайдасы зор.

ЭКЖ-де 100000 аса басылымдар, 26000 әртүрлі пәндер бойынша оқу және ғылыми жұмыстар бар, басым бөлігі ЖАК тізіміне кіретін 400-ге жуық ресей және шетел журналдары, 500 аса федералдық, аймақтық, ЖОО баспалары, ғылыми-зерттеу институттары, ғалымдардың еңбектері мен жетекші авторлық ұжымдардың әдебиеттері ұсынылған. IPRbooks ЭКЖ контенті білім беру саласында, жоғары мектеп, орта кәсіби білім беру стандарттары бойынша, қосымша және қашықтықтан оқыту бойынша РФ заңнамалық талаптарына толықтай сай келеді.

Сонымен қатар «Ресей кітапханаларының қоры» (62000 аса басылымдар) – сирек басылымдар, ноталар, мерзімді басылымдар, тарихи, өлкетану әдебиеттері және т.б қолжетімді.

Сайтта әртүрлі пәндер бойынша өзінің білімін тексеруге көмектесетін, онлайн-режимдегі тесттер (350 аса тесттер) ұсынылған.

Оқытушыларға РҒДИ (Ресей ғылыми дәйектеме индексі) (IPRbooks ЭКЖ Elibrary Ғылыми электронды кітапхана серіктесі болып табылады) қорында келесі индекстеумен IPRbooks ЭКЖ-не өз жұмыстарын электронды жариялау мүмкіндігі бар. Жұмысты ЭКЖ жариялау IPRbooks ЭКЖ сервистері мен барлық мүмкіндіктерін қолданып ыңғайлы платформада студенттер үшін басылымдарға қолжетімділік оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, яғни сабаққа дайындалу барысында студенттерге өзінің басылымдарын ұсыну, білімді бақылау, студенттердің басылымдармен жұмыс жасау статистикасын талдау.

IPRbooks ЭКЖ күнделікті қазіргі заманғы жаңа басылымдармен толықтырылып және жаңартылып отырады. Оның айтарлықтай ерекшелігі, қорды жинақтау барысында оқытушылардың, студенттердің талаптарын ескере отырып оқу үрдісіне арналған әдебиеттерді сапалы іріктеу болып табылады. Тағы бір артықшылығы – қолданушыға арналған жаңа ыңғайлы сервистер, жүйенің жоғары бейімділігі, кеңейтілген функционал, іздеудің қолайлылығы және жылдамдығы.

Басылымдардың толық мәтініне ​​жүйеге кіргеннен кейін ​ғана ​қолжеткізуге болады​. Ол үшін​ ​у​ниверситет компьютерінен  http://iprbookshop.ru ​сайтын​да авторлану қ​ажет. IPRbooks ​сайтында жоғарғы​ ​оң жақ бұрыштағы КІРУ пернесін басып, ​​​​​келесі логин мен парольды енгізесіз: ​Логин - kaznu.kz, пароль – EZBMkNjh,​ ​содан соң ​жеке  тіркелуден​ ​өтесіз​ (​аты-жөні, электронды пошта, пайдаланушы тұрпаты​)​.  ​Т​ірке​у аяқталғаннан кейін жеке логин мен парол​ь​ ашылған терезеде​ бейнеленеді​, сондай-ақ ​с​​іздің ​электрондық пошта​ңызға жіберіледі. 


Қолданушы нұсқаулығы


Polpred.com деректер қоры БАҚ шолу – бұл маңызды жарияланымдар мұрағаты.  Деректер қоры тараулармен: 53 сала / 600 дереккөз / 9 РФ федералдық аймағы / 235 ел және  территоря / басты материалдар / мақалалар және  6000 белгілі адамдармен. Күн сайын мыңдаған жаңалықтар, орыс тілінде толық мәтін, инфорагенттігінің миллиондаған ең жақсы сюжеттері және 15 жылдағы іскери баспасөздер. Ретімен іздеу. Бір батырманы басқанда жүздеген мақалалар Word-та экспортталады. Елдер мен салалар бойынша интернет-сервистар.

Polpred.com–ға қолжетімділік кітапхананың барлық компьютерлерінде және университеттің жергілікті желісінде  ашық – www.polpred.com.


«Заң» деректер қоры – мемлекеттің заң шығарушы және нормативті құқықтық актілері қазақ және орыс тілдерінде. Деректер қоры тек қана ресми дереккөздерден жинақталады, яғни нормативті материалды айрықша анықтауға мүмкіндік береді. Деректер қоры сөздіктермен жабдықталған: энциклопедиялық заң сөздігімен, қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының заңдары мәтініндегі заң терминдерінің сөздіктерімен деректер қорындағы осы  заңдарды мәтінге жіберу.

  • ҚР облыстары бойынша жергілікті органдардың қаулысы, шешімі, облыстық бағдарламасы бар. 
  • Құжатпен жұмыс барысында бір мезгілде мәтіннің екі режимді терезеде мемлекеттік және орыс тілінде қарау мүмкіндігі бар.

Құрметті оқырмандар!
Кітапхана компьютерлерінен ғана рұқсат етілген. Электронды залға жүгініңіз  (III қабат).


Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасында тұңғыш рет отандық баспа шығарған «Эпиграф» электрондық базасын ұсынамыз. Деректер базасында ұсынылған барлық оқулықтар мен оқу құралдарын Қазақстан Республикасының  ең үздік авторлары жазған және жетекші отандық «ЭВЕРО» баспасы шығарған. «Эпиграф» деректер базасы отандық тұтынушы – Қазақстанның жоғары оқу орындарының қажеттіліктерін басшылыққа ала отырып, өз мүмкіндіктерін дамытып, кеңейтіп келеді.

Баспа үйі Қазақстан нарығында 21 жыл жұмыс істеп келеді. Оның жұмысын мамандар жоғары бағалайды және «Еуропалық сапа», «Королева Викторияның ордені», «Қазақстанның құрметті азаматы», сондай-ақ 2014, 2015, 2016 жж. «Сала көшбасшысы» марапаттарымен расталып отыр.

Өнім цифрлық оқу материалын қол жетімді ету үшін жасалған. Барлық қажетті оқу материалдары әрдайым қолында екенін елестетіп көріңіз. Оқулықтың қажетті фрагментін бір минутта табуға болады, ал студенттерге 24 сағат бойы, әлемнің кез келген жерінде электрондық оқулық арқылы білім алуға мүмкіндік беріледі.

«Эпиграфтың» бәсекелестерден айырмашылығы толық мәтінді іздеуді қамтамасыз етуінде. Сөз, сөз тіркесі немесе тіпті сөйлем бойынша іздеу шарттарын көрсетуге болады. Іздестіру жүйесі секундтың бір бөлігінде бірнеше жүз мың беттен тұратын мәтінді талдап, дайын нәтижені бере алады. Бұл ҚР-дағы өзінше бірегей және жалғыз әзірлеме деуге болады. Іздеу жүйесін жалпы база бойынша да, нақты бір оқулық ішінде де іске қосуға болады.

Дерекқордағы әдебиеттің 100% -ы - журналдар, мақалалар немесе әдістемелік құралдар емес, оқулықтар мен оқу құралдары екенін атап өту маңызды. Оқулықтар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.

Барлық оқулықтар – қазақстандық өнім, олар ҚР мемлекеттік бағдарламалары мен стандарттарына толығымен сәйкес әзірлеген, мемлекеттік мекемелердің аккредитациясынан өткен. Оқулықтар жоғары сапалы суреттермен безендірілген, үздік дизайнерлердің, редакторлардың өңдеуінен өткен.

«Эпиграф» электрондық оқулықтарының сайтына сілтеме http://res.epigraph.kz/search/

Тіркелуге арналған нұсқаулықты осы жерден жүктеп алуға болады.
 
Нұсқаулық

Буклет

ChemSpider – 58 миллионнан астам химиялық (көбінесе органикалық) заттардың қасиеттері туралы мәліметтер жинақталған тегін деректер қоры.

ChemSpider – құрылымдық деректер қоры. Құрастырушылардың ойлары бойынша, химиялық заттардың құрылымы барлық ақпараттар ауқымының құрылуындағы бастапқы сәйкестендіргіш болып табылады; ал басқа сәйкестендіргіштер (атауы, тіркеу нөмірі және т. б.), мұнда екінші болып саналады, сондықтан да белгілі бір химиялық нысанға сәйкес келе бермейді. 

ChemSpider материалы – үлкен және кішкентай, ғылыми және оқу, коммерциялық және тегін, сондай-ақ бастапқы әдебиеттен, рецензияланған, рецензиядан өтпеген, яғни  әр түрлі дерекөздерден жинақталады (2017 жылға 484). Заттек жайлы  мәліметтер нәтижесінде мұнда тексерілген сандық деректер емес, бастапқы да жарияланған ақпараттың компиляциясы ұсынылады. 

ChemSpider-дің мықты жағы – химиялық заттектің берілген құрылымы бойынша ақпарат іздеу мүмкіндігі.

Ресурсқа сілтеме: http://www.chemspider.com 

Мобильдік қосымша: https://play.google.com/store/apps/details?id=com.mmi.android.chemspider...

Құрметті Әл-Фараби кітапханасының пайдаланушылары, сіздерге «Юрайт» баспасының электрондық-кітапханалық жүйесіне (ЭКЖ) 1 айға тестілік қол жеткізу мүмкіндігі берілгенін хабарлаймыз.

Жүйе 2019 ж. 15 қаңтар – 2 ақпан аралығында ашық болады.

Тестілік қолжетімділік кезінде кітапхана пайдаланушылары, оқытушылар және студенттер «Юрайт» баспасының бүкіл ассортиментімен таныса алады және әр оқытушыға өзінің пәндеріне сәйкес оқулықтарды іріктеп алу үшін жеке кабинет ашу мүмкіндігі беріледі.  Сондай-ақ осы кезеңде кітапхана қызметкерлері мен оқытушылар үшін вебинарлар өткізіледі.

«Юрайт» ЭКЖ-сін қалай пайдалану керек

https://www.biblio-online.ru/how_to_use

Жиі қойылатын сұрақтар

https://www.biblio-online.ru/faq

1. «Юрайт» ЭКЖ-сін пайдалану үшін ең алдымен біздің оқу орнымыздағы кез келген компьютерден тіркеліп, бір рет болса да жеке кабинетке кіру қажет (мұны пайдаланушыны оқу орнына «байлау» үшін істеу керек).

2. Содан кейін оқытушылар мен студенттер ЭКЖ-ге кез келген компьютерден және мобильді құрылғыдан кез келген жерден қол жеткізе алады!
«Юрайт» ЭКЖ-сінің оқытушыларға арналған шеберлік сабақтары:

Оқытушыларға арналған шеберлік сабақ: Тіркелу. Мобильдік қосымша. Каталог

Оқытушыларға арналған шеберлік сабақ: Оқытушының жеке кітап сөресі. Өтінімдер. Тапырыстар

Оқытушыларға арналған шеберлік сабақ: Пәндер бойынша жұмыс бағдарлама шаблондары. Медиаоқулықтар.

Оқытушыларға арналған шеберлік сабақ: Онлайн-тестілеу. Серіктестік бағдарламасы

Сонымен қатар оқытушылар үшін «Оқытушының жеке кітап сөресі» бағдарламасы аясында оқытатын пәндері бойынша оқулықтарға тегін жазылу мүмкіндігі бар.

Бұл бағдарламаның қатысушысы болған оқытушы:

                1. Өз пәндері бойынша барлық оқулықтар туралы ақпарат алып отырады;

                2. Электрондық кітапханадағы жеке кабинетінде өз пәндері бойынша толықмәтінді оқулықтарға қол жеткізе алады;

                3. Вебинарлардың әдістемелік материалдарын, анонстарын алып отырады.

                4. Студенттерді тестілеу нәтижелеріне қол жеткізіп, білімді автоматты түрде тестілеу және тексеру модулін алады.

Пайдалы материалдар:

Каталог бойынша көшу. Іздеу. (Жүктеу)
Мәтінмен жұмыс. Бетбелгілер. Дәйексөздер. (Жүктеу)
Оқытушыларға арналған ақпарат. (Жүктеу)
Оқытушы өтінімі бойынша нұсқаулық. (Жүктеу)

Құрметті әл-Фараби атындағы кітапхананың қолданушылары! Сіздерге ИНФРА-М холдингінің Znanium.com ресурстары тестілік режимде қолжетімді болғаны туралы хабарлаймыз.

 Нұсқаулықтар:

1. Оқытушыларға арналған (Өту)

2. Студенттерге арналған (Өту)

3. Әдістемелік қолдау (Өту)

Сонымен қатар біз әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дайындық бағыттары бойынша құрастырылған Znanium.com-ның тақырыптық коллекцияларын ұсынамыз.

Тарих ғылымдары http://znanium.com/ebsadmin.php?item=collection&id=485 
Халықаралық қатынастар http://znanium.com/ebsadmin.php?item=collection&id=486 
Химия және химиялық технологиялар http://znanium.com/ebsadmin.php?item=collection&id=487
Физика http://znanium.com/ebsadmin.php?item=collection&id=488
Құқық. Заң ғылымдары http://znanium.com/ebsadmin.php?item=collection&id=489
Биология ғылымдары http://znanium.com/ebsadmin.php?item=collection&id=490
Экономика және бизнес http://znanium.com/ebsadmin.php?item=collection&id=491
БАҚ. Журналистика http://znanium.com/ebsadmin.php?item=collection&id=492
География және табиғатты пайдалану http://znanium.com/ebsadmin.php?item=collection&id=493
Философия және саясаттану http://znanium.com/ebsadmin.php?item=collection&id=494
Шығыстану http://znanium.com/ebsadmin.php?item=collection&id=495
Математика. Механика http://znanium.com/ebsadmin.php?item=collection&id=496
Медицина. Фармакология http://znanium.com/ebsadmin.php?item=collection&id=497
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру http://znanium.com/ebsadmin.php?item=collection&id=498
Филология, әдебиеттану және әлемдік тілдер http://znanium.com/ebsadmin.php?item=collection&id=499

Информатика. Есептеу техникасы http://znanium.com/ebsadmin.php?item=collection&id=500

ИНФРА-М – құрамына жоғары білім беру саласы үшін оқулықтар, оқу құралдарын, монографиялар мен мерзімді баспасөзді шығаруға арналған 10 баспа кіретін Ресейдің ірі баспа холдингі.
ИНФРА-М оқырмандары арасында - М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және т.б. оқытушылары мен студенттері.
27 жыл ішінде ИНФРА-М математика мен физика бойынша классикалық оқулықтардан бастап ақпараттық технологиялар, робототехника, биомедицина салалары бойынша қолданбалы ғылымдарды қамтитын өзекті білім беру бағыттары бойынша 16 000-нан астам әдебиет атауын жарыққа шығарды. Біздің экономика, заң, журналистика, сервис және туризм бойынша оқулықтарымыз бен монографияларымыз ерекше назарға ие.  16 журналов, изданных в ИНФРА-М шығарған 16 журнал ЖАК тізбесіне кіреді, оның ішінде үшеуі Web of Science-қа енген.
Арнайы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үшін  біз білімнің әр түрлі салалары бойынша студенттерді дайындауға арналған Ресей мен ТМД елдері арасында ең көп сұранысқа ие әдебиеттің тізбесін дайындадық. Коллекцияларға ИНФРА-М мен серіктес баспалардың әдебиеттері кіреді.
Басылымдармен Znanium.com электрондық-кітапханалық жүйеге ... логины және ... құпия сөзі бойынша кіріп, танысуға болады... Кіруге шектеу қойылмайды. 
Ұнаған әдебиетті таңдап, оны алу туралы өтінімдеріңізді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапаханасына жіберулеріңізді сұраймыз.

Біздің кітаптарды рахаттана оқуыңызға тілектеспіз!

Ескертпелеріңіз бен сұрақтарыңыз болса, мына мекен-жайға жіберіңіз: toa@infra-m.ru

Ассоциация вычислительной техники

ACM Digital Library - это научная, исследовательская и сетевая платформа, содержащая:

Полнотекстовые коллекции всех публикаций ACM, включая журналы, материалы конференций, технические журналы, информационные бюллетени и книги.

Коллекция кураторских и размещенных полнотекстовых публикаций от избранных издателей.

ACM Guide to Computing Literature, обширная библиографическая база данных, ориентированная исключительно на области вычислительной техники.

Богатый систематизированный набор связей между авторами, работами, учреждениями и специализированными сообществами.

Доступные для просмотра и скачивания публикации ACM:

Журналы / Транзакции https://dl.acm.org/pubs.cfm

Бюллетени https://dl.acm.org/mags.cfm

ACM Устные интервью

https://dl.acm.org/citation.cfm?id=1141880&picked=prox

Учебные планы ACM https://dl.acm.org/collection.cfm?id=C11

Отчеты Национального научного фонда

https://dl.acm.org/collection.cfm?id=C13

ACM объединяет компьютерных педагогов, исследователей и профессионалов, чтобы вдохновлять на диалог, делиться ресурсами и решать задачи в этой области. Как крупнейшее в мире компьютерное общество, ACM укрепляет коллективный голос профессии благодаря сильному руководству, продвижению самых высоких стандартов и признанию технического превосходства. ACM поддерживает профессиональный рост своих членов, предоставляя возможности для обучения в течение всей жизни, карьерного роста и профессионального общения.

Основанная на заре компьютерного века, сеть ACM распространяется на все уголки земного шара, причем более половины ее почти 100 000 членов проживают за пределами США. Растущее членство в ней привело к созданию советов в Европе, Индии и Китае, что расширяет возможности сетевого взаимодействия. которые укрепляют связи внутри стран и между странами и техническими сообществами. Их действия расширяют возможности ACM по повышению осведомленности о важных технических, образовательных и социальных проблемах во всем мире.

Ссылка на сайт https://www.acm.org

Құрметті оқырмандар, әл-Фараби кітапханасы «Лань» баспасының ЭБЖ топтамалары тестілік режимде қолжетімді болатыны туралы хабарлайды:

  • Экономика және менеджмент
  • Лингвистика және әдебиеттану
  • Құқық. Құқықтану
  • Музыка және театр
  • Психология. Педагогика
  • Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар
  • Көркем әдебиет
  • География
  • Өнертану

Сонымен қатар, ресурс ғылыми баспалар мен Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының 600-ден астам ғылыми журналдарына, әртүрлі білім салалары бойынша 35000-нан астам классикалық әдебиеттеріне қол жеткізу мүмкінідігін ұсынады.

Тіркелген пайдаланушыларға келесі мүмкіндіктер беріледі:

  • әр түрлі пәндер бойынша әдебиет таңдау кезінде оқытушыға ұсынылатын арнайы сервистер;
  • білім деңгейі, авторы, басылым жылдары бойынша кітаптар каталогіндегі фильтрлар;
  • әлеуметтік желілер арқылы тіркелу және авторлану мүмкіндігі;
  • IOS және Android операциялық жүйелерге арналған тегін мобильдік қосымша арқылы оффлайн режимінде құжаттармен жұмыс істеу;
  • пайдаланушының (оқырманның) жеке кабинеті: виртуалды кітап сөресі, кітаптарға жазбалар мен бетбелгілер, дәйексөз алу және конспектілеу, суреттер конспектісін құру мүмкіндігі және т. б. мүмкіндіктер;
  • қашықтықтан байланысу.

ЭБЖ-ға қол жеткізу үшін www.e.lanbook.com сілтемесі бойынша университеттің желіге қосылған кез келген компьютерінен тіркеуден өту қажет.

Қосымша ақпарат алу ушін 3 қабатта орналасқан электрондық кітапханаға менеджер-кітапханашыға хабарласыңыз.