«Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы және ілімі» атты ⅠⅠⅠ халықаралық конференция

Әл-Фараби атындағы кітапханасында Абай күніне орай, «Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы және ілімі» атты ⅠⅠⅠ халықаралық конференция өтті. Ғылыми шара халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы мен ілімін заманауи көзқарас тұрғысынан қарастыруға арналды.

Шара барысында көпшілікке Абай институты мен Әл-Фараби кітапханасы бірлесіп дайындаған «Абайтану антологиясы» жобасы таныстырылды.

Іс-шара күні: 10 тамыз 2022 ж

Уақыты: сағ 17:00 де

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы «Абайтану антологиясы» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, Абайдың 175 жылдығына орай шығарылған 50 томдық «Абайтану» жинағы және басқа да кітаптарды көрмеде таныстырды.

Антология елдің ынтымағы мен бірлігінің нығаюына, интелектуалдық әлеуетінің артуына, қоғамдық сананың дамуына қызмет етеді.

Көрменің оқырмандық бағыты: Университетке іс-шараға жиналған әлеуметтанушы қауым, кітапхана пайдаланушылары – студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар және келген қонақтар.

Көрмеге қойылған құжаттар: кітаптар, журналдар.

Абайдың виртуалды көрмесін көруге болады: осы жерде

Сондай-ақ Абайдың мәңгілік мұрасы айдарын көре аласыз: осы жерде

Сондай-ақ, біздің Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі өзекті жаңалықтар мен іс-шараларға назар аударуды ұсынамыз, онда сіз одан әрі кеңес ала аласыз.

Егер сіз кері байланыс нысаны арқылы пікір қалдырсаңыз, біз де қуанамыз (ауысу үшін басыңыз).

Яндекс.Метрика